Android жадын «қоқыстардан» қалай тазартуға болады?

1. DU Speed Booster

DU Speed Booster
© Trashbox.ru

Мұндай жағдайда тегін қосымша DU Speed Booster көмектесе алады. Онымен телефон жадын керек емес «қоқыстардан» тазартуға болады. Сондай-ақ қосымша көмегімен телефонның жұмыс істеу жылдамдығын да арттыра аласыз.

DU Speed Booster қажет емес файлдарды (кэш) өшіреді, телефон жадын 60%-ға дейін артық заттардан босата алады. Сондай-ақ, ол смартфоныңызға тегін антивирус орнатады.

DU Speed Booster қосымшасына сілтеме мұнда.

2. Clean Master

clean master
© Cheetah Mobile

Clean Master қосымшасының да көмегіне жүгінсеңіз болады. Ұзақ уақыттан бері Андроид иелері әлі де қосымшаны тегін қолданып келеді.

Clean Master телефон жадын арттыра отырып, оны кэштерден тазартады. Ең көп орын алып тұрған бағдарламаларды, қажет емес файлдарды өшіруге өзі нұсқайды.

Clean Master қосымшасына сілтеме мұнда.

3. SD Maid

SD Maid
© Hipertextual.com

Google Play каталогынан телефон жадын тазартқыш қосымшалардың санын көптеп кезіктіресіз. Соның ішінде SD Maid — жоғары бағаға ие қосымшалардың бірі.

Қолдануы өте оңай. Жасыл түймеге басып, «Сканерлеу» командасын бересіз. Біраз уақыт өткеннен кейін, SD Maid жүйедегі қоқыстарды іздеп табады. Ескірген логолар, қателіктер туралы есептерді, хабарламаларды, уақытша файлдарды, өшірілген бағдарламалардың қалдықтарын, қолданылмайтын заттарды шығарып береді. Оларды өшіру үшін «Запустить сейчас» түймесіне басу қажет.

SD Maid бағдарламасының ақылы нұсқасы да бар. Бірнеше долларыңызды арнап, телефоныңызды сапалы тазартып алсаңыз болады. Әрі оны ұзақ уақыт қолдана аласыз.

SD Maid-тің тегін нұсқасына сілтеме мұнда.

SD Maid-тің ақылы нұсқасына сілтеме мұнда.

4. Super Cleaner

Super Cleaner
© Softwaregiveaway.xyz

Қолданысқа енгеніне ұзақ уақыт бола қоймаған жаңа қосымшаның бірі — Super Cleaner. Телефонның жұмыс істеу жылдамдығын 80%-ға дейін арттыра алады. Cондай-ақ телефон қуатын үнемдеп, вирустардан сақтайды. Қазіргі уақытта Super Cleaner бағдарламасының қолданушылар саны 70 миллионға жеткен.

Super Cleaner қосымшасына сілтеме мұнда.

5. *#9900# командасы

Кей телефондар үшін *#9900# командасы жұмыс істейді. Ол жүйедегі Гб немесе одан көп орын алатын бағдарлама, файлдарды анықтап береді. Ол үшін телефон қоңырауынан *#9900# командасын теріп, «қоңырау шалу» түймесіне басасыз. Одан кейін «Delete dumpstate/logcat» шерпесін орындайсыз. Смартфон қажет емес файлдардан, кэштардан тазартылады.

Кез келген мобилді телефонда, планшетте арнайы антивирус бағдарламасы болады. Оны да қолданысқа енгізуге кеңес береміз.