10 ақпанға арналған ауа райының болжамы

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25, екпіні 30 м/с-ға жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман болып, желдің күшеюі 15-20 м/с-ға жетеді, Қостанай облысында бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының бірқатар жерлерінде тұман түседі.