8 ақпанға арналған ауа райының болжамы

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ға жетеді.

Қарағанды, Ақмола облыстарында тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады және желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарында тұман болып, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Павлодар облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетіп, күндіз кей жерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі.