Алматыда жер сілкінді

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 5 шақырым жерде болды. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы MPV 3.7, 10 шақырым тереңдіктен білінген. Алматы тұрғындарына жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілді», — делінген хабарламада.

Алматы қалалық ІІД Жедел басқару орталығы мамандары қалада ешбір ғимаратқа зақым келмегенін, сондай-ақ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі таудағы гидротехникалық құрылғылардың жарылмағанын хабарлады.