Головкин халықаралық бокс форумының құрметті қонағы болмақ

Сочидегі форумда Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA), Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC), Халықаралық бокс федерациясы (IBF) және Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) сынды жетекші бокс ұйымдарының өкілдері жиналады.

Аталмыш шараға 130-дан астам мемлекет өкілдері қатысады. Ресми бағдарлама қатысушылар арасында — WBC басшысы Маурисио Сулейман, WBA президенті Хильберто Мендоса, IBF жетекшісі Дэрил Пиплз, үш дүркін Олимпиада чемпионы және алты дүркін әлем чемпионы, кубалық Феликс Савон және әлем чемпионы, үздік кәсіпқой боксшылардың бірі, қазақстандық Геннадий Головкин бар.

Жиын бағдарламасында төрешілер семинарлары, WBA және WBC директорлары кеңесінің отырысы және Сулейман, Мендоса, Пиплз және Головкиннің қатысуымен «Әлемдегі олимпиадалық және кәсіпқой бокстың дамуы» тақырыбында пікірталас алаңы ұйымдастырылады.

Айта кетейік, форум 1-3 ақпан күндері Сочидың Pullman қонақ үйінде өтеді. Ал жабылу рәсімі ақпанға жоспарланған.

ДереккөзInform.kz