Бүгін елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазгидрометтің хабарлауынша, республиканың кейбір аймақтарында тұман түсуі мүмкін. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, Павлодар облысында тұман түседі деп болжанады.

Ақмола, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты жел соғып, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде тұман түседі.