«Конор өз титулын ұзақ уақыт бойы қорғамағандықтан одан айырылып қалды», — деп жазды дереккөз.
Кеше Макрегордан босаған титул үшін енді ресейлік Хабиб Нурмагомедов және америкалық Тон Фергюсон таласады. Олардың жекпе-жегі Нью-Йоркте 7 сәуірде өтеді.
15 қаңтар күні ирландиялықтың чемпондық титулынан айырылуы туралы UFC басшысы Дан Уайт алдын ала айтқан болатын. Оның айтуынша, екі жыл бойы ешқандай жекпе-жек өткізбей, титулды ұстап отыру, басқа спортшыларға жасалған қиянат болады.
29 жастағы Макгрегор аралас жекпе-жектен 24 кездесу өткізді. Оның 21-інде (18-і алдын-ала) жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Макгрегор UFC-дағы соңғы жекпе-жегіне 2016 жылдың қараша айында шықты. Ол кезде америкалық Эдди Альваресті екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.