16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

16 қаңтар күні республиканың шығысында кей жерлерінде қар жауады, батыс жартысында ауа райы жауын-шашынсыз.

Еліміздің кей өңірінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Ақмола, Жамбыл облыстарында тұман болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында да тұман, жаяу бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жетеді, бұрқасын болуы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысында да тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.