• Қыста кеңдеу киім кию керек. Сол кезде дене қызуымен бойыңыз мұздамайды. Аяқ киімді де бір-екі өлшем үлкен алған жөн. Егер аяқ киіміңіз тар болса аяғыңыз қозғалмай, тоңып қалады.
  • Қыста көбірек ащы тамақ жеу керек. Ол тамырларды кеңейтіп, қан айналымын жақсартады. Ал никотин мен кофеин керісінше тамырларды тарылтады.
  • Сондай-ақ, аяқ-қолы үнемі тоңып жүретін адамдарға балық пен ет жеу керек. Балықта тамырларға пайдалы май қышқылдары бар. Ал етте қан айналымын жақсартатын темір көп.
  • Сұйықтықты көп ішу қажет. Су мен жылы тамақ пайдалы. Ағзада сұйықтықтың жеткілікті болуы қан айналымын, жылу алмасу процесін жақсартады.
  • Дәрігерлер дене жылы болып, аяқ-қолдың суық болып тұруы артерияның тоқтауы, анемия және басқа да ауытқушылықтарды білдіреді дейді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!