Almaty Sales Festival: Winter 2018

©Kazpravda.kz

Жыл сайын өтетін дәстүрлі “Almaty Sales Festival: Winter 2018” фестивалі биылғы жылы 10-30 қаңтар аралығына жоспарланған. Аталған іс-шараға жүзден астам ойын-сауық орталықтарынан 300-ге жуық брендтік компаниялар қатысады. Алматы қаласындағы 15 қонақ үй мен 20 мейрамхананың өкілдерін де фестивальден кездестіре аласыз. Егер жеңілдіктер фестиваліне қатысқыңыз келсе, бүгін 19:00-де «Mega Park» ойын-сауық орталығында болыңыз. Науқан бойынша киім, техника, косметика сияқты тауар түрлеріне 80 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

Кино түні

Кино түні
©Sxodim.com

Ескі жаңа жылдың құрметіне Алматыдағы “Сарыарқа” кинотеатрында “Кино түні” ұйымдастырылады. Kinoplex SaryArka үш бірдей фильмді арзан бағада көрсетумен қатар түрлі ойындар, би кеші, сыйлықтар мен тегін аквагрим қызметін ұсынады.

“Тұран” тобының концерті

"Тұран" тобы
©Murzin.kz

Ұлы дала көшпенділерінің өнерімен таныс болғыңыз келсе, 14 қаңтар, яғни жексенбі күні 18:00-де  “Жас сахна” өнер театрында болатын “Тұран” тобының концертіне барсаңыз болады.

Frozen Party on Medeu

Frozen Party Медеу
©Sxodim.com

Сенбілік кешті қалай қызықты өткізу керектігін білесіз бе? Медеу мұз айдынындағы Frozen Party туралы естідіңіз бе? Бар болғаны 2 мың теңгеге Медеу мұз айдынына барып-қайту жолақысы, Медеу мұз айдынына кіру, ыстық фое мен чай және сэндвич, ең бастысы жастармен бірге көңілді уақыт өткізу кіреді. Билеттер саны шектеулі және тек студенттерге арналғанын ескертеміз.

“Әйгілі шоумен”

Әйгілі шоумен
©Youtube.com

Киносүйер қауымға демалыс күндері “Әйгілі шоумен” фильмін тамашалауға кеңес береміз.  Фильм – режиссер Майкл Грэйсидің дебюті. Картинада Хью Джекман Финеас Тэйлор Барнумды – 19 ғасырдағы қаңғыбас циркінің танымал әрі даулы американдық иесін сомдайды. Ол кәсіпте алғашқылардың бірі болып маркетинг қағидаларын қолданған және ойын-сауық әлемінде төңкеріс жасаған мистификация шебері болып табылады. Таспада Хью Джекманнан бөлек, Мишель Уильямс, Ребекка Фергюсон және Зак Эфрон ойнайды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!

Пікір қосу