Биылғы жылы киностудия 18 ойнамалы таспа және 21 деректі фильм, 6 қысқа метр мен 2 мультфильм шығармақ.
Релиздердің арасында «Ең әдемі қыз» романтикалық комедиясы, «Шыңырау» драмасы, басты рөлді Асанәлі Әшімов сомдаған «Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» фильмі, «Балуан Шолақ»өмірбаяндық таспасы, «Бойжеткен мен теңіз» әлеуметтік драмасы және Әмір Байғазиннің «Өзен» картинасы бар.
Жас көрермендерге «Күлтегін» және «Мұзбалақ» анимациялық картиналары ұсынылады.
2018 жылдың соңына қарай, «Қазақфильм» 4 көлемді жобаны: «Томирис», «Елбасы жолы: Әлем эпицентрінде», күрескер Жақсылық Үшкемпіров жайындағы «Чемпион. Жеңіске ұмтылу» фильмін және Алматыдағы ЦОКС-тың құрылу тарихын баяндайтын «Эвакуация» картинасын аяқтамақ.