Мемлекет басшысының жыл қорытындысы бойынша берген Facebook желісінде жарияланды.
«Назарбаевқа тастан жасалған ескерткіштің керегі жоқтығы жайлы біреу маған хат жазды. Мен онымен толықтай келісемін. Мұның барлығы әбігерлік», — деді Президент.
«Мен мұндайға үнемі қарсы болатынмын. Тек университетке келістім. Оған барлығы қолдау көрсетуі үшін — үкімет те, ел де. Ол үлгі бола аларлық алда келе жатқан оқу орны«.
«Ал қалғанның барлығы — жергілікті биліктегілердің шешімі. Әрине, мен бұйрық беріп, осыған тыйым сала аламын. Қазіргі уақытта менің барлық қазақстандыққа айтарым: мұны жасаудың қажеті жоқ! Керек емес! Тарихта өз істерімен есте қалу керек», — деді Мемлекет басшысы. «Ал ескерткіштермен не болатынын барлығымыз да білеміз». «Дегенмен Алматы мен үшін туған қала. Барлығы үшін рақмет. Бірақ мұны істеудің қажеті жоқ», — деді Назарбаев.
Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы бүгін, 25 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 21:30-да республикалық арналардың эфирінен көрсетіледі.