NU-2020: еліміздің көшбасшы оқу орнының даму бағыты қандай?

2020 жылға қарай Назарбаев Университеті бакалавриат бағдарламасы бойынша 6 шығарылым немесе 3000-нан астам түлекті оқытып шығарады. 2000-ға жуық студент Университетті магистр дәрежесінде бітіреді және 300 түлек PhD дәрежесін алады. Сан жағынан қарағанда 2020 жылы білім алушылардың контингенті бакалавриат бағдарламасы бойынша 4000-ға жуық студентті және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы бойынша 2000-нан астам студентті құрайды, оның ішінде олардың 15 пайызға жуығы докторантурада білімдерін жалғастырады. Халықаралық студенттердің бөлігі студенттер контингентінің 1/5 құрайтын болады деп күтілуде. Бакалавриат бағдарламасы түлектерінің 2/3 астам бөлігі оқу бітірген соң үш жылдың ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі халықаралық үздік бағдарламалар бойынша оқуды жалғастыратын болады. Жұмысқа орналасқысы келетін түлектер үшін Назарбаев Университеті халықаралық корпорациялар, қазақстандық компаниялар, мемлекеттік мекемелер, сабақ беру, ғылыми зерттеу, жеке бизнес немесе әріптестік саласындағы қызмет, коммерциялық емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары мен саясат сияқты санаттарда олардың өсу жолын бақылап отыратын орналастыру жүйесін құрастыратын болады.

ОПҚ-ны жұмысқа жалдау, дамыту және жұмысқа тарту Университеттің халықаралық танымал зерттеу университеті ретінде қалыптасуы барысында тұрақтандырылатын болады. Сабақ беру сапасы саласында тұтас емес көрсеткіш бола тұрып, индикативтік мақсат ОПҚ-ның үштен бір бөлігін Университеттің әріптес университеттерінде теньюр позициясында мамандандыруға бейімделетін болады.

Назарбаев Университетінің мектептері ұсынатын барлық бағдарламалар «халықаралық алтын стандарттармен» танылған тиісті аккредиттеу ұйымдарымен аккредиттелетін болады немесе жоғары басымды академиялық стандарттарды қамтыған болып танылады. Назарбаев Университеті сапаны бақылау жөніндегі сыртқы агенттіктердің тиісті сертификат(тар)ын алумен бірге Болон процесінің белсенді қатысушысы болады, сондай-ақ өз жетістіктерін халықаралық қаржыландыру мүмкіндіктері арқылы барынша пайда түсіретін болады. Жалпы Назарбаев Университеті институционалдық аккредиттеуді алады немесе оны алудың соңғы кезеңінде болады.

Ғылыми зерттеулер саласында Назарбаев Университетінің мектептері мен бейінді ғылыми орталықтары арасындағы интеграция аяқталады. Назарбаев Университетінің ғылыми орталықтары өздерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде көшбасшы орталық ретінде таныстырады. Кез келген уақытта 1000-ға жуық зерттеушілер Назарбаев Университетімен байланыса алады. Оқытушы-профессорлар құрамының әртүрлі мүдделерін білдіретін Назарбаев Университетінің зерттеулері Қазақстанның негізгі стратегиялық басымдықтарына, мысалы, энергетика саласында, атап айтқанда, жаңартылатын және балама энергия көздері, био-медициналық зерттеулер мен технологиялар, есептеу ғылымдары мен робототехника, сондай-ақ коммуникациялық технологиялар саласында ықпал ете алады. EXPO 2017 энергетикаға байланысты зерттеулер мен тұжырымдамаларда Қазақстанға серпіліс берумен қатар, Назарбаев Университетіне инновациялық энергетикалық технологиялар мен шешімдердегі трансляциялық/қолданбалы зерттеулердің алғашқы нәтижелерін беретін платформаны ұсынатын болады. Назарбаев Университетінің төңірегіндегі технологиялық және ғылыми парктер кәсіпкерлік саладағы консультациялармен бірге тәжірибелі үлгілерді зерттеу мен әзірлеу қызметтерінен бастап қаржыландыруға рұқсат беруге дейін зерттеушілерге қолдау көрсету үшін толық эко-жүйені құрастырады. Климаттың өзгеруі және тұрақты даму/жасыл экономика Астананың зерттеулер мен әзірлемелер орталығы ретінде танылуына ықпал ете отырып, Университеттің ғылыми қауымдастығы үшін мета-тақырып түрінде көпшіліктің назарына алынады.

Назарбаев Университетінің Медицинасы, Университеттің интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі дәрігерлердің, медбикелердің, зерттеушілер мен клиникаларды басқарушылардың жаңа буынын құра отырып, өзін ұлттық бренд ретінде танытатын болады. Медициналық қызметтер мен зерттеулердің жоғары сапасы медициналық туристерді Еуропадан Астанаға тартуға мүмкіндік береді.

Назарбаев Университетінің тәжірибесін трансляциялаудың арқасында Қазақстан университеттерінің 1/3 жуығы академиялық еркіндікке, институционалдық дербестікке және нақты тұжырымдалған есеп беруге негізделген Университеттің моделі бойынша институционалдық және сапалы реформаларға кірісетін болады. Назарбаев Университеті жасайтын білім беру және ғылыми-зерттеу эко-жүйесі жалпы Қазақстандағы білім беру мен ғылыми жүйені мәнді түрде өзгертеді, осы арқылы он жыл бұрын басталған алғашқы тұжырымдаманың дұрыстығын растайды.

Түйіндеме: Университет өзінің өсіп-өркендеуі мен дамуында қарымды қадамдарды жасауына байланысты, Назарбаев Университеті 2020 жылға қарай әртүрлі халықаралық университеттердің рейтингісінде жоғары орынды алатын болады.

Жоғарыда баяндалғанның барлығы Назарбаев Университетінің алға қарай ұмтылысы болып табылады.