«2018 жылы бөлектенгісі келетін жандардың алдынан тосқауыл кездеседі, ит жылы ынтымаққа, бірлесіп әрекет етуге, бір-бірін құрметтеп, ой-пікірлерімен санасуға шақырады. Мәселен, алдағы жыл — ер мен әйелдің мәңгілік жұп болып, шаңырақ көтеруіне өте қолайлы жыл», — дейді Аман.
Келер жылы шығармашылық салада істейтіндердің, астрологтар мен психологтардың жолы болады.
«Нумеролог ретінде, теріс ритм, мәселен келіспеушілік, дау-жанжал, тоқырау байқап тұрған жоқпын. Қазақстанда төрт-бес жыл қатарынан оң ритм болады. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Яғни серіктестік те жоғары, сырттан да қолдау бар, табыс та молаяды… Жалпы 2018 жыл қазақстандықтар үшін табысты жыл болмақ. Отандастарымыздың әл-ауқаты артып, тұрмысы жақсара түседі. Биылғыдан да жақсы өмір сүретін болады», — дейді нумеролог.
Маман ит жылының адалдықты талап ететінін ескертті.
«Ит жылы адал еңбекті, шыдамдылықты, алға қойған мақсат-міндеттердің орындалуын талап етеді. Позитивті көңіл-күйді, ойын-сауықты жақсы көреді. Бірақ арамдықты, әділетсіздік пен өтірікті кешірмейді. Ит адал ойынның жақтасы,жыл соңында әрбіреуін еңбегіне, адал ниетіне қарай марапаттайды. Мүмкіндік береді, алайда оның сұрауы да жоқ емес. Ит, біз ойлағандай, қарапайым үй жануары емес, жауапкершілікті талап етеді», — дейді нумеролог.