Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиев пен оның інісі тағы 10 жылға сотталды

Бішкектің Октябрь соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен оның туған інісі Жаныбек Бакиевті сырттай тағы 10 жылға соттады. Ағайындыларға 262 гектар жерді заңсыз аударып алды деген айып тағылған.

Тағы бірнеше шенеунікке айыптар тағылды. Парламенттің бұрынғы депутаты Карганбек Самаков 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұрынғы вице-премьер Искендер Айдаралиев, экс-премьер және қазіргі парламент депутаты Игорь Чудинов 5 млн сом (шамамен $70 мың.) айыппұл салды.

Құрманбек Бакиев «Настоящее Времяға» берген сұхбатында жерге қатысты іс бойынша ешкім хабарласпағанын мәлімдеген.

Айта кетейік, Қырғызстанда Құрманбек Бакиев пен оның бауырына оннан астам қылмыстық іс қозғалған, солардың бірқатарына үкім сырттай шығарылды.

ДереккөзCentralasian.org