Бұқтырылған түйе еті нарыққа шықты

Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылында мал төресі түйенің етін консервілеу цехы ашылды.

Ауыл кәсіпкері Мұхтар Қармысов осылайша Тәуелсіздік мерекесіне тамаша тарту жасады. Кәсіпорын әзірге тәулігіне 1 мың қалбыр бұқтырылған ет дайындайды. 3 жылға дейін сақталатын консервінің бір данасы – 480 теңге.

Аймақ басшылары 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған цехтің болашағы зор боларына сенімді. Іске қосылған күннен бастап өңірдегі ірі сауда орталықтары кәсіпорын өніміне тапсырыс беруге көшті. Ал жобаның жалпы құны – 25 млн теңге.

Мұхтар Қармысов, «Сегізбай ата» ауылшаруашылық кооперативінің төрағасы:

Біздің жұмысымыз – халықтан мал етін алып, соны консервілеу, қалбырлау. Мұнда төрт түлік малды жабамыз. Соның ішінде негізгі ұстанып отырған ұстанымымыз – түйенің етін жабу. Облыста түйенің етін жауып, халыққа сапалы өнімді берудің жолында жұмыс жасап жатырмыз.

Дереккөз24.kz/kz