Мәжіліс отырысынан тыс уақытта министрге Қарағанды облысындағы кеншілердің ереуілі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысына қалай әсер еткені жайлы сұрақ қойылды.
«Ереуілдер «АрселорМиттал Теміртаудың» өндірістік көрсеткішіне еш әсер еткен жоқ. Біздің ойымызша, компаниядағылар жыл соңына дейін көмір табу мен металл өндіру бойынша жобаны аяқтау тиіс. Компания басшылығы осындай мәлімдеме жасады», — деді министр Қасымбек.
11 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» шахтерлері ауысымнан кейін жоғары қарай шықпай қойған болатын. Наразылық танытып жатқандардың туыстары әлеуметтік желілерде жариялап жатқан мәліметтер бойынша, шахтерлер жалақыны өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр. Ал 15 желтоқсанда Қарағанды облысында ереуілдеген барлық кеншінің шахталардан шыққаны хабарланған болатын.