«Астана тарихы» атты ғылыми-танымдық кітап жарыққа шықты

Кітапты белгілі тарихшы, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қыбылдинов жазған. Ғалым аталмыш еңбекті жарыққа шығару үшін 4 жыл тынбай ізденіп, мұрағат құжаттарын зерделеген.

Кітапта ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін Астана қаласының тарихы баяндалады. Автор белгілі тарихшылар мен өлкетанушылардың монографияларына да сүйенеді. Өңірде туып өскен қазақ елінің көрнекті тұлғаларының өмірі мен қызметіне жеке тоқталады.

Автор Зиябек Қыбылдиновтің айтуынша, кітап Алаш азаматтары мен патриотшыл жандардың рухына арналған.

«Мазмұны кітаптың Астананың төл тарихына арналған. Ежелден бүгінге дейін тарихы баяндалады. Ақмола өңірінде туып өсіп ерекше ізін қалдырып кеткен мықты Алашшыл, патриотшыл азаматтарға арналған. Оның ішінде Қажымұқан да, қарт Бөгенбай да бар», — дейді ол.

Айта кетейік, кітап 3 мың данамен шыққан. Сондай-ақ, қазақ тілінде жазылып, орыс және ағылшын тілдеріне аударылған.

Дереккөз24.kz