Мектептерде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа пән енгізілді

Әзірге тәжірибе түрінде ол еліміздегі 16 орта білім ордасында жүргізіледі. Ал келер жылдың қыркүйек айынан барлық мектептерде оқытылады. Апробацияға ұсынылған білім ошақтарының бірі – Рудный қаласындағы нөмірі үшінші мектеп.

Мұндағы 10-шы, 11-шы сынып оқушылары енді кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрене бастайды. Арнайы дайындалған оқулықтар да жеткізілді. Онда қор биржасының жұмысы, бағалы қағаздар нарығы сияқты бизнес әлемінен жан-жақты мағлұмат берілген.

Бұл жобаны Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы жүзеге асырып отыр.

Сәния Иментаева, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

Ол интерактивті пән, яғни 40 пайыз теориядан келетін болса, 15 пайыз ол – іскерлік кейс, 45 пайыз ол ойынға берілген. Бұл пән көбінесе ойын ретінде өтеді. Оқушылар екі жылдың ішінде бизестің пайдалы және маңызды негіздерін ұғады деген ойдамыз. Мұғалімдер жайында айтата кететін  болсақ, мұғалімдер гуманитарлық білім бар және сонымен қатар экономикалық білімі бар мұғалімдер бұл пәнді жүргізе алады, — деді.

Дереккөз24.kz/kz