Басты бетЖаңалықтарҚостанай облысында...

Қостанай облысында қазақы дәстүрді берік ұстанатын ең әдемі келіншек тұрады

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мәдениет сарайы бірлесіп өткізген тағылымды шарада қатысушылар «Мен бақытты әйелмін» — өзін өзі таныстыру, «Дәстүрді білесің бе?» — интелектуалдық сайыс, «Өнерім асыл қазынам» — өз отбасымен өнер көрсету, «Мерекелік тәтті» — аспаздық шеберлік, «Бесік жыры» — әдет — ғұрпты сипаттау, орындау, «Әдемі-ау» — кешкі киім үлгісі.  Міне, жас келіндер осындай байқау шарттары бойынша сынға түсті.

Қойылған талаптар: үміткердің отбасылы, балалы болуы, жас ерекшеліктері 20-37 жас аралығында, жұмысбасты болуы қажет.

Келіншек

Байқауға қала мен қатар қалаға қарасты ауылдардан барлығы 8 келіншек қатысты. Қорытындысында ІІІ орынды Родина ауылынан Гүлнар Баяхметова (4 баланың анасы), ІІ орынды КЮЭС қызметкері Ғафура Досова (5 баланың анасы), І орынды Үштөбе ауылынан Гүлзат Нүрпейісова (3 баланың анасы) иеленді.Бас жүлдені Торғай агро-техникалық колледжінің жас ұстазы, Кәки келіні Айым Жарасқан (1 баланың анасы) жеңіп алды.