National Geographic әр жыл сайын саяхатшы-фотографтардың үздік суреттерін жариялап отырады. Редакция халыққа әдемі суреттер көрсетуді емес, қоғамдағы маңызды мәселелерге арқау болған, өзіндік тарихы бар суреттерді таңдайды.
2017 жылдың ұздіктері ретінде өзбектер тойы, бірінші трансгендер сәби, 90 метр биіктікте тұрған бал және снорклингпен айналысып жүрген Барак Обаманың суреті таңдалды.
Кейбір рохинджа лагерь сыртындағы Кокс-Базар қаласында тұрып жатыр. Бұл ер адам Бенгаль шығанағының маңында орналасқан шағын ауданда тұрады.
Колибри жаңбырдан қорғану үшін басын шайқап тұр. Зертеушілер колибридің әр бас бұрған сәті 0,04 секундке созылатынын анықтады.
«Екі мәрте ел басқарып, күнделікті галстук пен костюм киіп жүрген ер адам үшін теңіз ортасы — нағыз ләззат алатын мекен», — дейді фотограф Брайан Скерри. Ол Барак Обаманың осы суреті теңізді сақтап қалуға көмектеседі деген ойда.
Антарктика жағалауындағы Уэдделла итбалығы.
Православиелік қажы-эфиоптар Құдай табыты шіркеуіне Пасха мерекесін атап өту үшін бара жатыр.
Филиппиндегі түрмеде 3036 қылмыскердің 2072-сі есірткіге байланысты отыр.
Өзбекстан, Ташкентте өткен той, екі ағайынды мен олардың қалыңдықтары.
Бангладештегі қашқындар лагері, Мьянмадан қашып шыққан рохинджа әйел.
Солтүстік Кения, Retety Elephant Sanctuary аймағында қараусыз пілдерді тамақтандыру сәті.
Маули Дхан бамбук баспалдақтың бойымен көтеріліп келеді. Қолында сыйлығы – бал бар. Аталған табиғи балдың Азия нарығындағы құны — 60 доллар фунтке дейін жетеді.
Калифорния шығанағы, Кортес теңізінде арыстан балық аулап жүр.
Плато Гуассадағы кештің батуы, геладалар жолбарыс, қорқау және жабайы иттерден қорғану үшін жартастарға қарай көшіп барады.
Орманда орналасқан Санта-Клара ғибадатханасындағы жарық қоңыздар.
Мексика, Сан-Игнасио шағын мүйісінде турист көк китті қайықта отырып сипап көрмек.