Басты бетЖаңалықтарҚандай азық-түліктер...

Қандай азық-түліктер адамды тез қартайтады?

Мамандар адам ағзасындағы жасушалардың жаңаруына кедергі жасап, ерте қартаюға себеп болатын азық-түліктің үш түрін атады.

Олардың айтуынша, қант және құрамында қанты бар тағамдардың барлығы ерте қартаюға әкеледі.

«Қан құрамында қанттың көп болуы терінің созылғыштығын бұзады. Бұзылған талшықтар теріден шығып, олардың орнына жаңасы шығуы керек. Сол себепті терінің қыртыстанған жерінде әжім пайда болады. Қанның құрамында қант көп кездессе инфаркт пен инсульт алу қаупі де жоғары», — дейді Елена Малышева.

Дәрігерлер терінің әжімденуіне әкелетін тағы бір тағам түрі – ет тағамдары екенін де атап өтті. Олар жартылай фабрикат, шұжық (колбаса) өнімдері. Мамандардың айтуынша, осы тағамдарда кездесетін фосфордың көп мөлшері белокпен әрекеттесіп, бүйрек пен қан тамыры жолдарын зақымдайды.

Сондай-ақ, алкоголь өнімдері ағзаға өте зиян. Тіпті, алкогольді сирек тұтынудың өзі организмнің ерте қартаюына әсер ететін көрінеді. Себебі организмге енген спирт молекулаларын залалсыздандыру үшін өте көп сұйықтық қажет. Сондықтан ағзадағы ылғалдың жетіспеушілігі терінің жаңаруын тежеп, әжімдердің пайда болуына әсер ететіні анықталған.

Дереккөзbaq.kz