Әнуар Ахметқалиев жүзуден әлем чемпионатында күміс жүлде алды

«Жігер» спорттық клубының түлегі Әнуар Ахметов 100 метрлік қашықтықта брасс әдісі бойынша 1:12.09  көрсеткішке қол жеткізіп,  әлемнің күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ ол, 100 метр қашықтыққа еркін жүзуде төртінші орынға табан тіреді. (0:59.85)»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әнуар Ахметқалиев елге 11 желтоқсан күні оралады. Онымен бірге жүзуден ұлттық құраманың 12 спортшысы  келе жатыр. Ұлттық құрама спортшылары Франкфурт — Астана әуе рейсімен ұшып келеді.

Еске салайық, мұндай жетістіктерге жеткен бірнеше спортшы бар:  Зүлфия Ғабидуллина 1-2 орындарғы ие болса, Наталья Звягинцева алтынға қол жеткізген, Роман Агалаков күміс, Андрей Афанасьев қола медальды еншіледі.