Зүлфия Ғабидуллина әлем чемпионы атанды

Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина 50 метр қашықтықта еркін стильде жүзуден мәреге бірінші болып келді. Екінші орын грекиялық Александра Стаматопулаға бұйырса, қола медальді италиялық спортшы Патрисия Валле алды.

Әлем чемпионаты Мексикада өтіп жатыр. Ол 2 желтоқсан күні басталды. Бүгін соңғы күн.

ДереккөзBaq.kz