Жемқорлықпен айыпталғандардың мүлкі көпбалалы отбасыларға таратылуы мүмкін

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлардың мал-мүлкін әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға таратып беру мәселесін қарастырып жатыр.

«Мемлекет меншігіне аударылатын мүлік те бар. Қазіргі кезде біз тағы бір бастаманы көтеріп жатырмыз. Ондай активтерді әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға — балалар үйлері мен көпбалалы отбасыларға таратып беру мәселесі пысықталып жатыр», — деді Татубаев Астанадағы xалықаралық конференцияда. Бюро басшысының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы орган құрылғалы бері 8 мыңнан астам жемқорлық әрекеттері әшкериленді. Осы жұмыстың аясында шамамен 3 мың адам қылмыстық жазаға тартылды. Мемлекетке келген шығын 60 млрд теңгеден асты. «Ол ақшаның жартысы қайтарылды. Осы қаржыға 19 мектеп, 100 балабақша немесе 18 ауруxананы салуға болатын еді», — деп атап көрсетті Талғат Татубаев.