Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Астананың «Кезекші 109 қызметі» мен «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» бірікпек

©astana-akshamy.kz

«Кезекші 109 қызметі» Астанада 2001 жылдың 28 тамызында құрылған болатын. Жаңа құрылым апаттық жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін барлық кезекші-диспетчерлік қызметтер әрекеттерін үйлестірген еді.

Қала тұрғындары мен қонақтары коммуналды-тұрмыстық сипаттағы кез келген оқиға кезінде Бірыңғай 109 нөміріне қоңырау шалып көмек ала алады.

Статистикаға сүйенсек, 2016 жылдың өзінде-ақ 109 қызметіне 400 мыңнан астам азаматтан арыз түскен. Проблемалы оқиғалардың 99% шешімін тапты.

Мақалаға реакция