Компанияның 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік инвестициялары 100 млрд теңгеден асты. Осы кезеңде ERG компаниясы жұмысшыларды әлеуметтік қорғауға және әлеуметтік саланы қамсыздандыруға 47 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады. Осылайша, Еуразиялық топ әлеуметтік әріптестік институтын дамытуға, әрі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді. Компания денсаулық сақтауға және кәсіби ауырулардың алдын алу жолында тиімді бағдарламадарды табысты жүзеге асырып келеді.
Демеушілік және қайырымдылық – Еуразиялық топтың әлеуметтік инвестицияларының жеке бір тармағы. Бұл мақсаттарда соңғы бес жылда ERG 53 млрд теңгеден астам қаражат жұмсады. Компания жыл сайын Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырады. Осы аймақтардың әкімдіктерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылады. «Туған жер – Родные города» стратегиялық бастамасын іске асыру арқылы Еуразиялық топ бұл серіктестікті қайта форматтады.
Бүгін Мемлекет басшысының қолынан осындай жоғары марапатқа ие болғанымызға өте қуаныштымыз, әрі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бізге осындай баға беріп, қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз, — деді Eurasian Resources Group директорлары Кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.
Еуразиялық топқа «Парыз» байқауының Гран-при жүлдесінің берілуі, орнықты даму саласындағы және әлеуметтік жауапкершіліктегі біздің таңдаған стратегиямыздың дұрыстығын дәлелдейді. Елбасы жариялаған Қазақстанның үшінші жаңғыруының төртінші басымдығына сәйкес, Eurasian Resources Group адами капиталдың сапасын көтеру арқылы өзінің әлеуметтік қызметін одан әрі де жалғастырады.