Ауа райының болжамы: Бүгін қар жауады

Ақмола облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының бірқатар аймақтарында тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, Маңғыстау облысында екпіні 23 м/с болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болуы мүмкін.

Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында тұман болады.