Мәлік Мырзалин ақмолалық ауыл шаруашылығы еңбеккерлерiн кәсіби мерекемен құттықтады

Бүгiн Көкшетауда Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерiнiң күнi аталып өтiлдi.

«Көкшетау» мәдениет сарайында ұйымдастырылған шараға облыстың әр өңiрiнен 600 — ден астам шаруа келiп қатысты. Шара барысында облыстың осы уақытқа дейiнгi ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп және әлеуметтiк тәрiздi сан алуан салаларда қол жеткен жетiстiктерi паш етiлген көрме ұсынылды.

Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерiн кәсiби мерекесiмен құттықтай келе, биыл диқандардың қажырлы еңбегiнiң арқасында аймақта елдегi астықтың 25 пайызы жиналғанын атап өттi. «Осы жылы облыстың ауылшаруашылығы еңбеккерлерi 5 млн тоннадан астам дәндi-дақылды жинады. Оның 88 пайызы жоғары сапалы бидай. Осылайша биыл облыс агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерi өздерiнiң кәсiби мерекелерiн лайықты көрсеткiштермен қарсы алуда. Елбасының агроөнеркәсiп саласын одан әрi дамыту мiндетiн жүзеге асыруда ауыл еңбеккерлерi лайқыты үлес қосады деп сенемiн, өңiрдiң оған толық әлеуетi жетедi»,- дедi Мәлiк Мырзалин.

Осы күнi ауыл шаруашылығы саласының мамандары, салтанатты түрде «Еңбек ардагерi», «Ауыл шаруашылығы саласының үздiгi» төс белгiлерi мен және облыс әкiмiнiң «Құрмет» грамотасымен марапатталды.