Нұрлан Қазизұлы, 1973 жылы Целиноград облысы, Астрахан ауданында дүниеге келген. Бiлiмi жоғары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiн, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн бiтiрген.
Еңбек жолын Сандықтау ауданындағы «Егiн» шаруа қожалығының басшысы болып бастаған. 2011 жылы Астрахан ауданындағы «Шиликти» ЖШС-де өндiрiс жөнiндегi орынбасары 2014 жылы осы серiктестiктiң директоры болған. 2014 жылдың сәуiр айынан бастап Астрахан ауданы әкiмiнiң орынбасары лауазымын атқарды.
Аймақ басшысы, бұған дейiнгi аудан әкiмi Талғат Ерсейiтов ротациямен Есiл ауданына әкiм болып тағайындалғанын айтып, Нұрлан Сейiлов пен аудан активi алдында бiрқатар мiндет қойды. Атап айтқанда, ауылшаруашылығы саласында мал шаруашылығын одан әрi дамытуды жүктедi. Мемлекеттiк жеке серiктестiк механизмi арқылы жеке инвестицияларды тартуды, ауданда азық-түлiк бағасын тұрақтандыруды, су тасқынының алды алу шараларына дайындықты күшейтудi, жылу мауысымын штатты режимде өткiзудi, әлеуметтiк саланы одан әрi дамытуды тапсырды.
