«Биыл жыл қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 триллион теңгеден асатын 100-ден астам жаңа индустриялық жоба іске қосылады. Сондай-ақ, бұл кәсіпорындарда 10 000-ға жуық жұмыс орны ашылады. Бағдарламаның бірінші бесжылдығында елімізді одан әрі индустрияландырудың негізі қаланды. Көлік, энергетика және тағы басқа да өнеркәсіптік инфрақұрылым салаларындағы мәселелер толығымен шешіліп келеді» — дейді Комитет төрағасының орынбасары.
2015-2016 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп отыр.
Оның айтуына қарағанда, қабылданған тиісті шаралардың нәтижесінде өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция ағыны өсіп келеді.