Ақмола облысында жаңа зауыт іске қосылды

Кəсіпорынның бас директоры Жасұлан Мұхаметжанның айтуынша, жобаның жалпы құны — 6 миллиард 771 миллион теңге. Зауыттың іске қосылуы 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Жоба өңірдің индустриялық дамуына ғана емес, қаланың және жақын елді-мекендердегі әлеуметтік мәселелерін шешеді.

Базальт тастарынан алынатын минералды мақта негізіндегі құрылыс материалының артықшылығы жылу, дыбыс, ылғал, жел өткізбейтіндігінде болып отыр.