Басты бетЖаңалықтарСерік Ахметов...

Серік Ахметов миллиондаған бюджет қаржысын ұрланғанын мойындады

Қарағанды облыстық сотының Апелляциялық алқасы Серік Ахметовтың ісі бойынша апелляциялық шағымды оның адвокаттарының қатысуымен қарады.

«Серік Ахметов болған оқиғаға жауапкершілікті өз мойнына алады және бұл істе өзінің кінәсі бар екенін мойындап, шын өкініп отыр. Ол Қарағанды облысының әкімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып жұмыс істеген уақытта Қарағанды облысы аумағында мемлекет мүддесінің бұзылуына жол беріп, материалдық шығын келтірді», — деп мәлімдеді Ахметовтың адвокаты Николай Лесник.

 Ахметовтың қорғаушылары апелляциялық алқадан бірінші инстанциядағы соттың айыптау үкімінің күшін жойып, экс-премьерді ақтауды сұрады.

Бұдан бұрын Серік Ахметов қылмыстық істің екі бөлімі бойынша мемлекетке келтірілген шығынды өтегенін хабарлаған болатынбыз. Мемлекет бюджетіне түскен қаржы көлемі 2,2 миллиард теңгеге жуықтады.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Ахметов 2015 жылдың желтоқсанында сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иеленді немесе талан-таражға салды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен сотталған болатын.

ДереккөзBnews.kz