Алқалы жиында Шымкент қаласының әкімдігі, Қазақстан велоспорт Федерациясы және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстан Республикасында велоспортты және веложол инфрақұрылымын дамыту саласындағы өзара әрекет ету туралы үш жақты Меморандум бекітті. Аталмыш құжат Шымкентте салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық аухалды жақсарту, велоспортты, инфрақұрылымды, сондай-ақ велосипед туризмін дамыту сынды мақсаттарды көздейді.
Осыған орай бұқаралық спортты дамыту мақсатында жерлесіміз Ерлан Пернебековтың еске алуға арналған Республикалық көпкүндік веложарысының ресми ашылу салтанаты болды. Жарыстың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Қазақстан Велоспорт федерациясының вице-президенті, «Астана» президенттік кәсіби клубыныңатқарушы директоры Аманбек Кульчиков, олимпиада чемпионы және велоспорт әлемчемпионы, «Astana Women’s Team»әйелдер велокомандасының бас менеджері Зульфия Забирова және «Velocity» Қоғамдық қорының техникалық директоры Ерлан Жамалов қатысты.
Айта кетерлігі, 11-15 наурыз аралығында өтіп жатқан бұл дүбірлі додаға еліміздің әр облысынан іріктелген 12 команда қатысуда.