Алматы-Шу теміржолы — әр 20 минут сайын пойыз өтетін, қазақстандық теміржол магистралінің қозғалысы ең қарқынды аймағы. Бүгін жаңа теміржол тармағы арқылы Қытайдан Еуропаға бет алған жүк пойызы алғаш рет жүріп өтті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалының директоры Еркін Мейірбековтің айтуынша, жаңа теміржол тармағы іске қосылған соң пойыздарды өткізу мүмкіндігі 4 есеге артады.
«Жаңа теміржолға Ақтөбе зауытынан шығып жатқан рельстер, қазақстандық шпалдар, басқа да сол сияқты материалдар қолданылды. Соның арқасында теміржолды салу кезіндегі оның қазақстандық құрамы 80-нен асты», — дейді ол.
Айта кетейік, бүгін Алматы-Шамалған автожолы да пайдалануға берілді.