Басты бетБүгін -...

Бүгін — әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен халықаралық күрес күні

БҰҰ Бас Ассамблеясының 25 қарашаны әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен  күрестің халықаралық күні деп жариялаған қарары 1999 жылғы 17 желтоқсанда қабылданды. Онда мемлекеттерге, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес ұйымдарға қоғам назарын осы мәселеге аударуға арналған шараларды осы күнде өткізу ұсынылды.

Жыл сайын бүкіл әлемде әйелдердің қоғамдық ұйымдары зорлық-зомбылыққа қарсы акцияларын  25 қараша күні өткізеді.

Жалпы әйелдер құқығын қорғау ұйымдарына әлемнің 91 елінің өкілдері қосылған.