Жарқайың ауданына жаңа әкім тағайындалды

Мұрат Сағатұлы Балпан 1970 жылы Ақмола облысының Ақкөл ауданында туған. Екі жоғары білімі бар. Наумов селолық округінің әкімі, Ақкөл аудандық әкімінің орынбасары, Целиноград ауданы әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарды.

2012 жылдың сәуірінен бастап, 2014 жылдың маусымы аралығында Бұланды ауданының әкімі, 2015 жылдан бері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымында болған.