24 қараша: Бүгін қандай күн?

Түркияда мұғалімдер күні

Қазіргі түрік мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің құрметіне ресми белгіленді. 1928 жылы осы күні халықтың сауатын ашу үшін ұлттық мектептің негізі қаланды. Бірінші ұстаз Ататүріктің өзі болды.  Бұдан басқа, 1934 жылы 24 қарашада Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы Мұстафа Кемалға «Ататүрік» тегін берді. Ол ұлы түрік деген мағынаны білдіреді.

Тәжікстанның ұлттық туы күні

2009 жылы Тәжікстан Республикасы Президентінің ресми Жарлығымен бекітілген. АҚШ-та достар табу және адамдарға әсер ете алу күні АҚШ-та «Қайтіп достар табуға және адамдарға әсер ете алуға болады» кітабының авторы Дейл Карнегидің туған күнінде атап өтіледі.

Батыс Самоада Әйелдер күні

Самоа — Гавай аралдары мен Жаңа Зеландия арасындағы жарты жолда, Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігіндегі мемлекет, Самоа архипелагының батыс бөлігі — Савайя, Уполу, Аполима және де басқа аралдарында жайғасқан. Астанасы — Апиа. Мемлекеттік құрылымы — конституциялық монархия, Британдық достастыққа кіреді. Мемлекет басшысы — тайпалық көсем (монарх). Заң шығарушы орган — бірпалаталы парламент — Ұлттық заң шығарушы жиналыс. Сот билігі — Жоғарғы сот. Әкімшілік-аумақтық құрылымы — 11 округ. Ресми тілдері — самоа және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі — тала (самоа доллары).