Жайық өңірінде жеке балабақашалар көбеюде

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітіліп, оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары қабылданып, қолданыстағы мемлекеттік білім беру стандарты жаңартылғаны белгілі. Бағдарламада мемлекеттік-әріптестік байланыс аясында жеке меншік балабақшаларды көптеп ашу көзделген болатын. Күні бүгін ауданда балабақша кезегінде 414 бүлдіршін тұр. Кезекте тұрған бүлдіршіндердің басым бөлігі аудан орталығында болғандықтан, Жымпиты ауылынан 280 орындық балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды (құрылыс құны 722 млн. теңге). Ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасына енгізілді. Мұның сыртында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында 2 жеке балабақша ашу бағытында жергілікті кәсіпкерлер тарапынан жұмыс жүргізілуде, — деді аудан әкімі.

Жалпы, Сырым ауданының білім беру саласына ағымдағы жылы 2,2 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл аудан бюджетінің 46,5 пайызын құрайды. 22 білім ошақтарында 2984 бала білім алуда. Биылғы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 156,2 млн. теңге қаржыға жалпы білім беретін Сырым орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұның сыртында жергілікті бюджет қаржысына Жетікөл бастауыш мектебінің ғимараты ағымдағы жөндеуден өткізіліп, бу қазандықтарына қажетті жабдықтар, мектептерге 31 интерактивті тақта алынып, 19 мектепке интернет желісі орнатылды. Сонымен қатар, аудан педагогтары облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылатын білім-білік жетілдіру курстарына, әдіскерлік жиындарына, конференцияларға тұрақты түрде қатысуда.