Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен өтетін жарыс 25-қараша күні өтеді.
Сайысқа 35 жасқа жетпеген жас отбасылар өз сәбилерімен қатыса алады. Балалардың жасы — сегіз айдан бастап бір жарым жасқа дейінгі аралық. Чемпионат үш кезеңнен тұрады:
І кезең – 8 ай мен 1 жас аралығындағы сәбилердің еңбектеу эстафетасы. Сәбилер 10 метр жерді еңбектеп өтуі тиіс.
ІІ кезең – 1 мен 1,5 жас аралығындағы балалардың еңбектеу эстафетасы. Олар да 10 метр жерді еңбектеп өтуі тиіс. Бұл кезеңде ата-анасының біреуіне баланы қызықтыратын ойыншық немесе белгілі бір затпен мәреде тұруына немесе өзіне шақыруға рұқсат етіледі. Аз уақыт ішінде белгіленген жолды еңбектеп өткен бала жеңімпаз атанады. Екі аяғымен жүріп өткен бала ойыннан шығарылады.
III кезең – ата-аналармен бірге балалардың сайысы. Бұл кезеңді алғашқы екі кезеңнен тыс барлық отбасы бірге қатысады.
Жеңімпаздар орын арқылы анықталады 1,2,3.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін шара соңында жастар орталығы мен демеушілердің атынан жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.