Қазақстанда сәбилерге қандай есімдер жиі қойылады?

2017 жылғы сәуiрде қыздар арасында Айзере, ал ұлдар арасында Әлихан есiмi жиi қойылған екен.

 «2016 жылы 400 мың сәби дүниеге келдi, оның 270 мыңы — ұл, 193 мыңы — қыз. 2017 жылғы сәуiрде 29 мың нәресте туды, оның 15 мыңы — ұл, 14 мыңы — қыз. Сәуiр айында қыздар арасында Айзере — ең танымал есiмге айналды. Айзере есiмi 437 қызға берiлген. Екiншi орында — Аяулым, 398 қызға осы есiм қойылған. Сондай-ақ, Раяна деген ат танымал болып бара жатыр. 319 қызға осы есiм бұйырған. Ал ұлдар арасында Әлихан есiмi кең тараған (379 сәби), одан кейiнгi орында — Айсұлтан (260 бала) және үшiншi орында Нұрислам (217 ұл)», — дедi вице-министр Руслан Дәленов.
Оның айтуынша, ата-аналардың көпшілігі кең тараған есiмдердi қойғысы келмейді. Сондықтан көпшiлiгi бұл мәлiметтi анықтама ретiнде пайдаланады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта бала туу көрсеткiшi ең жоғары Маңғыстау облысында байқалады, ал ең төменгі көрсеткіш Солтүстiк Қазақстан облысына тиесілі.

ДереккөзBaq.kz