Астанадан Жалтыркөл кентіне қатынайтын автобус бағдары ашылды

Қоғамдық автобус Астанадан таңғы сағат 5:40-та, 8:00-де, 11:00-де және 20:30-да жүреді. Ал жолаушылар Жалтыркөл кентінен сағат 6:43-те, 9:03-те, 12:03-те, 16:03-те, 19:03-те, 21:33-те шығатын болады. Бұл туралы Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы мәлімдеді.

«Қоғамдық көліктер «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» бастапқы пунктінен келесі бағыт бойынша жүреді: Манас көшесі — Абылайхан даңғылы — Астана-Қарағанды тас жолы — Жібек Жолы ауылы — соңғы аялдама Жалтыркөл ауылы.

Айта кетейік, автобустар кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады. Қоғамдық көліктер Жібек жолы елді-мекеніне кірмейді.