Жобаның негізгі мақсаты — ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және блогерлер үшін Қазақстанда ашықтық пен есеп берушіліктің тиімді құралдарының мәселелері бойынша қызметті ұйымдық сүйемелдеу және қоғамдық бақылау, ақпаратқа қолжетімділік құралдарын әзірлеу болды.
Аталмыш шара аясында 21 қыркүйек пен 13 қараша аралығында азаматтық қоғам саласындағы өзекті мәселелерді Интернет кеңістікте, әлеуметтік желілерде және блогтарда ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистер мен блогерлер арасында конкурс өткізілген болатын. Конкурс «Үздік мақала», «Үздік видеоматериал» және «Әлеуметтік желідегі үздік пост» номинациялары бойынша өтті. Байқауға 100-ден астам материал қабылданды.
Жобаға негізінен жас журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты. Материалдар «Nukte.kz» ақпараттық агенттігінің сайты мен парақшасына салынып отырды.
Байқау қорытындысы нәтижесінде Астанадағы «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі болды.