ОҚО-дағы «Яссы-Күлтөбе» қалашығы мұражайға айналады

Қазір көне қалашықта «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде.

Ғалымдар «Күлтөбенің қазақ елі үшін орны бөлек», – дейді.

Бұл жерден бір кездері 7-8 ғасырларда пайдаланылған Отырар зергерлерiнiң теңгелерi мен қыш ыдыстары табылған болатын. Шағын қаланың орналасқан жері Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 метр жерде. Биіктігі 9 метрді құрайтын ауқымды төбешік сопақша пішіндес. Мұнда қазір  ғылыми-зерттеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары қатар жүруде.

Ерболат Смағұлов, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының қызметкері, археолог: Мұнда жұмыстар 2011 жылдан бері жалғасын тауып келеді. Осы уақыттан бері бәз қалашықтың мұнарасын, ауласын, қабырғасын таптық. Бұл біздің заманамызға дейін 1-2 ғасырдағы көне қала болуы мүмкін деген болжамымыз бар. Нақты айту үшін қазба жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Сонда ғана қай ғасырға тән екендігін біле аламыз. Бұл маңды ашық аспан астындағы мұражайға айналдыруға болары анық.

Дереккөз24.kz