Басты бетЖаңалықтарҚазақстан құрамасы...

Қазақстан құрамасы әлем чемпио­натына даярлықты бастайды

– Қазақстан құрамасы сапында бұрыннан бері өнер көрсетіп жүрген сақа ойыншылар бар. Солардың қа­тарын дарынды жастармен толық­ты­руды жөн көріп отырмыз. Желтоқсан айында олар Польшада өтетін ха­лықаралық турнирге қатысады. Сол бәсекелер барысында қырағы бап­кер­лердің назарына іліккен ойыншылар үшін өздерінің мықтылығын түбегей­лі мойындатуға тамаша мүмкіндік туындайды. Дүбірлі жарыс барысында кімде-кім өрелі өнерімен көзге түссе, со­лар әлем чемпионатына қатысуы мүм­кін үміткерлердің қатарына қосы­лады, – дейді Андрей Назаров.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жыл­ғы әлем чемпионаты 6-22 мамыр ара­лы­ғында Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербор қалаларында өтеді. Бұл жа­рыста 16 команда бақ сынайды. Биыл Польшада ұйымдастырылған іріктеу тур­нирінен іркілмей өтіп, барлық қар­сыластарын бет қаратпай ұтқан Қазақ­станның хоккейшілері төрткүл дүние­нің мықтылары бас қосқан додада «В» тобында өнер көрсетеді. Қарсы­лас­та­ры­мыз – Швеция, Чехия, Швейцария, Латвия, Норвегия, Дания және Ресей құрамалары. Бұл бәсекелер Мәскеудегі ВТБ Мұз сарайында өтеді. Ал «А» тобын­­дағы Канада, Финляндия, АҚШ, Словакия, Беларусь, Франция, Гер­ма­ния және Венгрия командалары Санкт-Петербордағы «Юбилейный» спорт кешенінде күш сынасады.
Әр топта 1-4 орындарды иеленген командалар плей-офф додасына жол­дама алады. Яғни жүлделі орындар үшін таласу мүмкіндігіне ие болады. Ал екі топтағы сайыстарда ең нашар нәтиже көрсеткен команда келесі жылы мықты­лармен күш сынасу құрметіне ие бо­лады.

ДереккөзАйқын