Қостанайда газ өңдеу зауыты салынады

Келісім бойынша зауыт құрылысы келесі жылдың басында басталып, жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Аталмыш зауыт іске қосылса Астана мен солтүстіктегі облыстарды газдандыру мәселесі шешімін таппақ.

Зауыт басшысы Олег Гончаровтің айтуынша, зауыт жылына 200 мың тонна газ өндіреді.

«Жоспар бойынша Қазақстан аумағында 2021 жылдан бастап жылына 620 млн куб газ өңдеуді көздеп отырмыз. Ал, келер жылғы Қостанайда салынатын зауыттың қуаттылығы жылына 200 мың тонна газ өндірмек», – дейді Олег Гончаров.

Айта кетейік, келесі жылы ашылатын жаңа зауыттың халық үшін берері мол болмақ.

ДереккөзBaq.kz