Басты бетЖаңалықтарАлматы студенттерінің...

Алматы студенттерінің арасында шағын футболдан жарыс өтеді

Теңбіл доп додасы Olzha Sports футбол алаңында (Жароков көшесі, 24/1) жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу, сондай-ақ үздік командаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Жарыс сағат 08:00-де басталады.

Жарысқа тек жоғары оқу орындарының қыздары мен ұлдары ғана қатысуға мүмкіндік алады. Регламент бойынша жас айырмашылығы шектелмейді және де әр командада 7 ойыншыдан болуы керек. Ойындар Қазақстан чемпионаты ережесіне сәйкес ұйымдастырылатын болады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және медалдар табысталады, сонымен қатар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлақтар да таратылады.

«Спорттық Алматы» — алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бағдарлама. Жылдың басынан бері осы бағдарлама аясында студенттер арасында көптеген спартакиадалар, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол сынды спорт түрлерінен жарыстар өткізілген болатын.