75 елдің ұлттық валютасы мен монетасы көрмеге қойылды

Шара барысында 75 елдің ұлттық валюталары  мен монеталары ұсынылды.

Келушілерді әсіресе ерте замандағы ақшалар қызықтырды. Олардың қатарында Ресей империясы, Чехословакия, Африка құрлығы елдері, тіпті Океания мемлекеттерінің валюталары да бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы ең көне ақша 18-ші ғасырға тиесілі.

Айта кетейік, бұл – Павлодар география үйінің жеке коллекциясы. Алдағы уақытта жеке музей ашылмақ.

Анастасия Сасько, ұйымдастырушы:

Ең құнды дүниелердің қатарына бүгінде жер бетінде жоқ елдердің валюталарын жатқызамыз. Мәселен, коллекцияда бұрынғы Веймер, қазіргі Германияның айналымында болған монеталар бар. Сонымен қатар Зимбабве елінің айналымында болған 100 триллион доллар да қорымызда сақтаулы.

Дереккөз24.kz/kz