Қанат Ислам «Жыл таңдауының» үздік спортшысы атанды

Бұл туралы Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Қанат Ислам «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жыл спортшысы атанды. Қанат кəсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен. Оның 20-сын нокаутпен ұтқан. WBA intercontinental, WBO NABO чемпиондық белбеуінің иегері Қанат Ислам «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» — «Алтын адам» сыйлығының лауреаты жəне «Жыл спортшысы» атанды», — делінген парақшадағы жазбада.