Батыс Қазақстанның жастары пікірталас турнирінде бақ сынады

Сөзімізге Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ақиқат» пікірталас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі өткізген пікірсайыс турнирі дәлел бола алады. «Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай студент жастар арасында өткен облыстық турнирге жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындарынан қазақ және орыс лигасы бойынша барлығы 31 фракция қатысты. Жалын жүректі жастар турнир барысында «БП Даму жолында кез келген әдіс ақталады деп есептейді», «БП Студенттер үшін ең басты құндылықты көрсетеді», «БП Қазақстан Республикасы студенттерінің шетелге кетуінің басты себебін көрсетеді», «БП Студенттер күнін атап өтудің тиімді механизмін ұсынады», «БП Қазақ тілін әлемдік аренаға шығарудың тиімді жолдарын ұсынады», «БП Студенттердің бос уақытын тиімді өткізудің жолдарын ұсынады» және тағы сол сияқты тақырыптарда өз ойларын ортаға салып, пікір таластырды.

Тартысты өткен пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша қазақ лигасында жүлделі 1-ші орынды Динара Елемесова мен Аружан Қадырғалиевадан құралған «Алау» фракциясы, 2- ші орынды Айда Иманшиева мен Ерсұлтан Жалмұқаннан тұратын «Лидер» фракциясы, 3-ші орынды Сәбит Махамбетов пен Назерке Құрманғалиевадан құралған «Spotlight» фракциясы иемденді. Турнирде ең жоғары спикерлік ұпай жинаған Ерсұлтан Жалмұқан «Үздік спикер» аталымына лайық деп танылса, «Үздік төреші» аталымымен Ләйлі Мақсотова марапатталды.

Орыс лигасы бойынша жүлделі 1-ші орынды «Кымбат» фракциясы, 2-ші орынды «IQ» фракциясы, 3-ші орынды «RemNKP» фракциясы жеңіп алды. «Үздік спикер» аталымына Артур Бегракян, «Үздік төреші» аталымына Тимур Нұрғалиев Тимур қол жеткізді. Пікірсайыс турнирінің барлық қатысушылары алғысхаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.